jasqazaq.kz

Арыстың жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

17 шiлде 2021, 16:11

Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу бойынша Арыс «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасарын ұстады.

Лауазымды тұлға басқа адамдармен топтаса отырып 2018-2021 жылдары бюджет қаражатын табысы аз адамдар санатына жатпайтын өзінің жақын туыстары мен таныстарына заңсыз ақша аударып отырды деген күдікпен ұсталды. Соның салдарынан мемлекетке алдын ала 160 миллион теңгеден аса шығын келтірілді», — деп хабарлады агенттік өкілдері.

Бұл ақша «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы аясында Арыс қаласындағы аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) төлем жасау және пандемия, төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде халықтың кейбір санатын азық-түлік пен тұрмыстық керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін бөлінген. Тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия