jasqazaq.kz

Арыстықтарға арналған ақшаны жеген экс-әкім сотталды

10 желтоқсан 2020, 22:06

Арыстықтарға арналған ақшаны жеген экс-әкім сотталды Қызылорда облысының экс-әкіміне бүгін сот үкімі кесілді. Арыс тұрғындарына арналған қайырымдылықтың ақшасын жеп қойғаны үшін Қуанышбек Ысқақов енді жеті жылын түрмеде өткізуі тиіс. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Абдулладжан Сайдуллаев, Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы:

— Сот үкімімен сотталушы Қ.Ысқақов ҚК 190-бабы, 4 бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырады.

Облыс әкімінің қолына кісен наурыз айында салынған. Атқамінер аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген. Ысқақовпен бірге екі орынбасары, өзінің туысы және тағы бір кәсіпкер тұтқындалды. Тергеу мәліметіне сәйкес, бесеуі бірлесіп былтыр жазда қару-жарақ қоймасындағы жарылыста жапа шеккен Арыс тұрғындарына деп, халықтан жиналған 80 миллион теңгені жеп қойған. Атап айтқанда, қайырымдылық қаржысын басқа төрт шотқа аударып, 20 миллионнан шешіп алыпты. Сол 80 миллион теңге суға сіңгендей жоқ. Себебі, Ысқақов пен сыбайластары соңғы тиынына дейін жаратып жібергенін айтқан. Әкіммен бірге қосылып ақшаға ауыз салған орынбасарлары 6 жылдан арқалады. Ал әкімнің бауыры мен ақшаны шешуге көмектескен кәсіпкерге сот 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Енді оларға мемлекеттік қызметтің маңайына да жолауға болмайды. Ал жазасын бұл бесеуі қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі тиіс.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия