jasqazaq.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

05 қантар 2020, 11:36

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы өмірден өтті. «Арыстанбек Мұхамедиұлына анасы Күлімхан апаның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Асыл ананың топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Арыстанбек аға, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз!», — деп жазды Айдар Қырықбай Facebook желісіндегі парақшасында. Күлімхан Жүндібайқызы биыл 81-ге толатын еді. Ол Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Өмірбойы Сарытауқұм совхозында бухгалтер болып қызмет еткен. Еңбек ері, Күміс алқа иегері, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған. Қоштасу рәсімі 6 қаңтарда Алматыда өтеді. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қаңтарда Алматы облысы Қырғауылдыауылында Сарыптау 1. мекенжайы бойынша өтеді», — деді Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының өкілдері. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры және бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы Калинин атындағы колхозында (Қазіргі Тұздыбастау ауылы) дүниеге келген. 1981 жылы Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін тәмамдады. 1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2019 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде