jasqazaq.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы оңды-солды берілген атақтарды сынады

04 желтоқсан 2017, 16:11

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әртістерге берілетін атақтың сатылануын қайтару керек деп санайды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстанға» сілтеме жасап today.kz хабарлады.

«Бүгінде «Еңбегі сіңген қайраткер» атағын әртістер де, дәрігерлер де, агрономдар да алып жатыр. Олардың бәрі Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері. (…) «Қазақстанның халық әртісі» және «Еңбегі сіңген әртісі» атағын мүмкін болса, қайтару керек. (…) Сахнада мэтр – еңбегі сіңген қайраткер және жас талант та – еңбегі сіңген қайраткер қатар отыратын жағдай туындайды», — деді министр дүйсенбі күні Мәжілістегі үкімет сағатында.

Министрдің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда «КСРО-ның үш-ақ халық әртісі бар – бұл Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев».

«Әрине, бұл мәселе күрделі. Болашақта сіздің қолдауларыңызбен бұған дейін болған құндылықтарды қайтарамыз деп сенемін», — деді министр депутаттарға.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды