jasqazaq.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Виза беру мәселесін жеңілдету керек

21 шiлде 2017, 15:20

Бүгінгі күні үкіметте елге келетін туристер үшін виза беру мәселесін жеңілдету, тіпті электрондық виза беру жайы қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қазақстандық туризмді дамыту жөнінде өткен жиында айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі. 

«Жуықта ғана біз шекара қызметімен кездесіп, электронды визаға көшу мәселесін талқылаған едік. Премьерге баяндадық, осы мәселе бойынша нақты жұмыс жасаймыз. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы мәселені шешетін боламыз. Шыныменде, біздің қазіргі виза беру жүйеміз өте қатаң, тіпті мүмкін емес жағдай. Ең бастысы, барлығы оны ұлттық қауіпсіздік мәселесімен байланыстырады. Сонда әлем оны ойламайды да, біз қазақтар ғана ерекше болып, ұлттық қауіпсіздікті ойлап отыр екенбіз. Әрине, біз мұның бәрін кезең-кезеңімен шешеміз, виза беру мәселесін жеңілдету керек», — дейді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде