jasqazaq.kz

Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды

04 шiлде 2019, 12:54

Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды. Бұл туралы Сенатта тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.

«Арыс қаласынан бұл арсеналды шығару жұмыстары басталды. 90 жыл бойы тұрған арсеналды бір күнде көшіру оңай емес, ол жерде көп көлемде оқ-дәрі жинақталған. Ол үшін басқа да қауіпсіз жерлерде алаңдар мен қоймаларды дайындау керек болады», — деді министр. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта тиісті қаржы шығыны қажет, яғни көлік, вагондар, контейнерлер, күзет шаралары қажет болады. «Осы орайда тасымалдау мен арсенал орналасатын жерде біз жүз пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жұмыстарға толықтай кірістік, оқ-дәрі бөлігін шығару басталды деп айтуға болады. Осы жұмыстар қанша уақыт алатынын қазір айту қиындау. Ең бастысы, тиісті жұмыстардың барысында Арыс тұрғындарының және барша азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Оқ-дәрі қауіпсіз сақталатын орындарға жеткізіледі, ондай нысандар Қазақстанда баршылық», — деді Нұрлан Ермекбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда