jasqazaq.kz

Арыстағы жарылыстан қанша шығын келгені мәлім болды

02 шiлде 2019, 15:55


Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Арыстағы төтенше жағдайға қатысты қазіргі кездегі деректер жөнінде айтып берді.
Спикер Арыстағы жарылыстан үйлерге келген шығындарды атады. «Жарылыстан келген шығынның мөлшері туралы бұрын айтқанмын. Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 600 үйге зақым келген. Ал кеше кешкісін шамамен 8 мың үйге жетті. Бұл нақты сан емес», — деді ТЖК басшысы. Сонымен қатар, Владимир Беккер аталған төтенше жағдай салдарынан келтірілген жалпы шығынды да айтып өтті.
«Кеше біз тиісті органдармен бұл мәселені талқыға салдық. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыстан келген шығынның мөлшері шамамен 20 миллиард теңге. Бұл қаланы жөндеуге қажет қаражат. Әріптестер, бұл сан өзгеруі мүмкін. Бұл алдын ала мәліметке сәйкес. Менің ойымша, 15 шілде жарылыстан келген шығынның нақты мөлшері белгілі болады», — деп баяндады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ТЖК төрағасы Владимир Беккер қайта оралған тұрғындар жеке мүліктерінің жоғалғаны туралы арыз жазып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бір тұрғын келіп, шкафында 1 млн 800 мың теңге жатқанын, ал енді олардың жоғалып кеткенін айтып арызданған.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда