jasqazaq.kz

Арыстағы жарылыстан екі адам көз жұмды

25 маусым 2019, 10:28


Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Арыстағы жарылыс салдарынан екі адамның қалай көз жұмғанын айтты. 

 ҚазАқпарат  жазғандай, «Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Оның бірі Арыс қаласының тұрғыны болған. Снаряд автокөлікке түсіп, оның ішіндегі адам көз жұмды. Мерт болған адамның екіншісі — Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі. Оның денесі іздеу жұмыстары кезінде әскери бөлімнен жақын жерден табылды», — деді Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин. Вице-министрдің айтуына қарағанда, қазіргі уақытта оқиға орнында саперлер жұмыс жүргізіп жатыр. Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде