jasqazaq.kz

Арыстағы жарылысқа күдікті әскерилер сот алдында жауап беруде

14 мамыр 2020, 22:36

Түркістан облысындағы тағы бір апат — Арыстағы жарылысқа қатысты күдікке ілінген әскерилер сот алдында жауап бере бастады. Күдіктілер саны – 16. Қазірдің өзінде жылдың ең маңызды процесі делініп жатқан Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан көп. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған. Жалпы істің 400 томнан асып кеткеніне қарағанда, процесс ұзаққа созылатын түрі бар.

Былтыр 24- маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болған. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. Арасында балалар да бар. Ол кезде де Арыс қаласының бүкіл тұрғындары көшірілген. Күллі әлемге танылған төтенше жағдайдан соң президент Тоқаев сол кездегі қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қызметінен шеттетіп, лауазымды талай шенді қатаң ескерту алған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық