jasqazaq.kz

Арыстағы жарылысқа байланысты екі адам тұтқындалды

24 тамыз 2019, 11:46

­

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Арыс қаласындағы Арсеналдағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары — Артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. «Олар ҚР Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде (жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу), 453-бабының 2-бөлігінде (ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінген», — делінген хабарламада. 23 тамыз күні Түркістан облысы Арыс аудандық соты ұсталған азаматтарға қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде