jasqazaq.kz

Арыстағы жарылыс жұртты әбігерге салды (видео)

24 маусым 2019, 11:48

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары үйлерінен кетіп жатыр.

 Tengrinews.kz   жазғандай, жергілікті тұрғындардың айтуынша, халық отбасымен бірге кетіп жжатыр. Қала жолдарында ұзын кептелістер пайда болды. «9:30 шамасында кем дегенде үш жарылыс естідік. Терезелер дірілдеп, тіпті, үйіміз де сілкінді. Отбасымыз болып үйден жүгіріп шығып, көлікке отырдық та, кетіп қалдық. Барлық затымыз, құжаттарымыз бен ақшамыз қалды. Қазығұртқа қарай бет алдық. Барлық адам ол жерден қашып жатыр, кейбірі көлікпен, ал кейбірі жаяу кетіп жатыр. Бірнеше шақырым алыстап кетсек те, Арыс жақтан қара түтін көрініп тұр. Түтіннің алып жатқан аумағы зор. Барлық тұрғын үйінен шығып, қашып жатыр, ұзын кептеліс пайда болды. Бізге көмек көрсететін шығар деген сенімдеміз», — деді Арыс қаласының 80 жастағы тұрғыны Нұрсұлу Ералиева.

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді — тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72. Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Третий Республиканский Город🇰🇿 (@shymkent_city17)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от № 1 В ШЫМКЕНТЕ 👑 (@v.shymkente)

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде