jasqazaq.kz

Арыстағы ҰБТ қалай өтті?

25 маусым 2019, 12:26

Кеше, 24 маусым күні Арыс қаласының апелляциялық комиссиясы Ұлттық бірыңғай тест тапсырған талапкерлердің өтініштерін қарауы тиіс болатын. Алайда, қалада орын алған төтенше жағдай салдарынан оның жұмысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Иә, өкінішке орай, қазіргі уақытта халқымыздың назары осы қалаға ауып отыр. Онда қайғылы оқиғалар орын алды. Арыс қаласында ҰБТ-ның 1 пункті бар. Ол №1 мектепте орналасқан. Арыс бойынша бізде 2 лек өтті. Біріншісі — 21 маусым, екіншісі 23 маусым күні болды. Жалпы ол жерде 779 бала өтінішін қалдырған еді. Оның 772-сі екі лекпен тапсырды», — деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. Оның айтуынша, кеше, 24 маусым күні сағат 9.00-де Арыс қаласының №1 мектебінде апелляциялық комиссия өз жұмысын бастаған. Алайда әскери бөлімшедегі жарылыстардың салдарынан жұмысын тоқтатқан. «Ешкім зардап шеккен жоқ. Осы қалада министрлік өкілдігінің 12 мүшесі жұмыс істеді. Қазіргі уақытта олардың 12-сі де Шымкент қаласында. 10-ы Нұр-Сұлтан қаласына шығайын деп жатыр. Олар өз жұмыстарын аяқтайды. Комиссия төрағасы сол жерде қалады. Жалпы жағдай тұрақталған соң бұл апелляцияны өткізетін боламыз. Себебі апелляцияны өткізіп үлгермедік. Мүмкін ол жерде де талапкерлерден өтініштер болып қалар. 30 маусымға дейін уақытымыз бар. Егер 30-на дейін үлгермесек оның уақытын созамыз, өткіземіз», — деді департамент басшысы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда