jasqazaq.kz

Арыстағы тергеу бір айда аяқталады

04 шiлде 2019, 15:26

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, оқиғаға қатысты тергеу амалдары бір ай ішінде аяқталады.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы жарылыстың себептерін атады.
«Салғырттық болуы мүмкін. Тез жанатын заттардың тұтануы, электр сымдардың тұйықталуы, тіпті әдейі өрт қоюы да мүмкін. Бүгінде біз бірде-бір себепті жоққа шығармаймыз. Сондықтан арнайы тергеу тобының жұмысы өз нәтижесін береді деген сенім бар», — деді Ермекбаев журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, тергеу амалдары бір айдың ішінде аяқталуы қажет. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар қатаң жазаға тартылады.
«Осы оқиға үшін кінәлі адамдар қатаң жазаланады. Оларды ешкім жасырмайды. Бірақ тағы бір мәрте айта кетейін, әскери азаматтар өз міндеттерін атқарды», — дейді Ермекбаев.
Оның сөзіне қарағанда, екі аптаның ішінде Арыстағы әскери арсеналды басқа жерге көшіру жұмыстары басталады. Ал осы оқиғадан кейін барлық әскери бөлімде тағы бір тексеру жүргізіледі.
«Негізі, ондай тексерістер тұрақты түрде жүргізіледі. Арыста да бірнеше тексеріс болды. Сол кезде біршама кемшілік анықталған. Бірақ басым бөлігі жойылды. Соған қарамастан, мен барлық гарнизон бойынша тағы бір тексерісті өткізуді ұйғардым. Негізгі мақсат – елді мекендерге жақын жерлерде артиллериялық снарядтарды қалдырмау. Ондай жерлерде тек күзетке арналған оқ-дәрілер ғана қалады», — деді Ермекбаев.
Арыстағы жарылыс
24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала маңындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда