jasqazaq.kz

Арыстағы қыз алып қашу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

24 желтоқсан 2019, 17:49

Түркістан облысында қыз алып қашу дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде бір топ жас жігіттердің қызды көлікке мәжбүрлеп отырғызып, күшпен алып қашу оқиғасы бейнеленген видео тараған болатын. «Видеоны тексерген полицейлер оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында орын алғанын анықтады. Қыздың анасы полицейлерге арызданған. Қазіргі таңда қыз өзінің үйіне, ата-анасына оралған. Күдіктінің айтуынша, олар бұрын бір сыныпта оқыған және қызды үйлену мақсатында алып қашқан» делінген хабарламада. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық