jasqazaq.kz

Арыста жылап видео түсірген әскери қайда жүр?

22 қазан 2019, 16:53

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыста жарылыстар болған кезде түсірілген атышулы видеоның кейіпкері бүгінде қайда жүргенін айтты. Видеода сарбаз өліп кетемін деп ойлап, ата-анасымен қоштасып, оларды жақсы көретіндерін айтады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Тілшінің министрлікке жолдаған сауалдың жауабында лейтенант Исатай Әлібаев Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде тәрбие және идеология жұмысы бойынша рота командирінің орынбасары қызметін атқарады екен. Осыған дейін ол басқа әскери бөлімде борышын өтеген, сосын жағдайды өзгерту үшін ауысып кеткен. 2019 жылы 24 шілдеде И.К. Әлібаев денсаулығына зиян келгені туралынемесе басқа да ауыртпалық болғаны туралы ештеңе айтпаған және медициналық көмек қажет етпеген. 2019 жылы шілденің 12-22 аралығында ол психологиялық-моральдық жағдайын жақсарту мақсатында республикалық «Жас Ұлан» мектебіне әскери қызметкерлердің балалар тобына қараушы болып, «Жас Сарбаз» жазғы лагеріне барды», — деді ведомство өкілдері. Сондай-ақ, Арыстағы жағдайға байланысты лейтенант жауапкершілікке тартылмаған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда