
Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. «Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым түскен жоқ», — деді Тұрғымбаев. Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді.