jasqazaq.kz

Арыста жасөспірімдерді суицидке итермелеген ер адам ұсталды (видео)

12 қазан 2020, 9:38

Әлеуметтік желіде жасөспірімдерді суицидке итермелеген 14 топ анықталды. Бұл — тек жыл басынан бергі статистика.

«Хабар-24»-тің мәліметінше, Интернет арқылы өрімдей ұл-қыздарды өлімге итеретіндер бастапқыда ешқандай күдік келтірмейді. Балаларға тек ойын түріндегі тапсырмалар береді. Бірақ ақыры өлімге алып барады. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Осындай ойыннан талай отбасы зар иледі.

Бұл — Камилла. Өзі емес, сыныптасы әлеуметтік желідегі қара ниеттілердің құрығына ілінген. Құрбысының тұзаққа түскенін Камилла бірден аңғармаған. Уақыт өте келе өзімен бірге оқитын қыздың өзгергенін байқайды. Тұйық, ашушаң бола бастапты. Сыныптасымен ебін тауып сөйлесіп, ақыры оның қандай жағдайға тап болғанын біледі.

Камилла, зардап шеккен қыздың құрбысы:

— Әлеуметтік желіде бір топқа кіргенін айтты. Басында тек ойын деп қабылдаған. Қызықты болған. Алғашқыда «сурет сал, суретке түс» деген сынды тапсырмалар беріп отырған. Соңында енді «өз тамырыңды кес» деген. Ал әлеуметтік желіде отырған кураторлар «егер тамырыңды кеспесең, біз сенің ата-анаңды өлтіреміз, мекен-жайларыңды білеміз» деп қорқытқан. Осыдан соң сыныптасым тамырын кескенін айтты. Осы жағдайдың бәрін құрбымның өзі баяндап бергенде есеңгіреп қалдым.
Бұл сұмдықты бірінші болып білген қос қыздың сынып жетекшісі. Кейін тек Камилланың құрбысы емес, өзге де сыныптастары осы ойынды ойнағандарын айтқан. Балалармен психологтар жұмыс істеген. Әйтеуір мұның соңы тыныш аяқталған. Арыстықтар бұл оқиғаны ұмыта бастап еді. Арада уақыт өтіп, тағы да Арыста әлеуметтік желіде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін адамдар ұсталды.

Әлібек Оразалы, ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

— Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны осындай суицидтік ойындарға жетекшілік еткені үшін анықталып, ұсталды. Ол өзі құрған телеграм каналдарды пайдаланып, жасөспірімдерді өлімге шақырған. Қазір тергеу, тексеру жасалуда.
Жедел уәкілдің айтуынша, әлеуметтік желідегі мұндай арампиғылды адамдарды ұстау оңай емес. Әркезде белсенді болмайды. Жұмыстарын аракідік жүргізіп тұрады. Сондықтан гаджеттің дәуірі жүріп тұрғанда балаға абай болған жөн.

Екатерина Миронова, суицидолог:

— Ұл-қыздың әрбір әрекетіне жіті мән беру керек. Бала өзін қалай сезініп тұр, не ойлап жүр, міне осының бәрін сұрап, саралап отыру қажет.
Бүгінде ішкі істер министрлігінде ғаламтор, әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізіп отыратын тұтас департамент бар. Егер қандай да бір күдік туындаса әлгі топ яки парақша бұғатталады. Бірақ жаңалары да пайда болып жатады. Сондықтан әр баланы үйдегі ересектер жіті қадағаласа, дейді мамандар.

https://youtu.be/pooyThn7lZY

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде