
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер саны артты. Олардың арасында балалар бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар Арыс қаласында болған жарылыстан кейін 46 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады, олардың бесеуі бала. «34 адам Түркістан облыстық ауруханасына жатқызылды. Бір адам реанимацияда. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп жатыр», — деді ведомстводағылар.