jasqazaq.kz

Арыста қыз алып қашқан жігіт бостандыққа шықты

26 желтоқсан 2019, 11:44

Әлеуметтік желілерде Арыста қыз алып қашқандардың видеосы таралған соң қазақстандық әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары өңірдегі әйелдердің құқығы бұзылғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Қазақстанның Әйелдер күші альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шужеева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол қауымдастық атынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен байланысқа шығып, осы жағдай жайлы әңгімелескенін айтты. Қазіргі уақытта видеодағы қыз үйінде, ал анасы полицияға шағым түсірген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздың өзі ешқандай шағымы жоқ екенін айтқандықтан, қыз алып қашпақ болған жігіт бостандыққа жіберілді. «Оңтүстіктегілердің салт-дәстүрі мен менталитеті осындай деп айтпауды сұраймын. Бұл басқа жағдай, бұл жастардың құқық сауатсыздығын білдіреді, олар өздерінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Әйелдер күші альянсы барлық ата-анаға, оқу орындарының басшылығына, жастардың тәрбиесімен айналысатын барлық ұйымға үндеу жасайды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың құқық жөніндегі білімін жетілдіру керек, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», — деді Азиза Шужеева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде