jasqazaq.kz

Арыста қаза болған әскери қызметшінің денесі бүгін СҚО-ға жеткізіледі

12 қазан 2019, 21:05

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында Арыс қаласында қаза тапқан әскери бөлімнің қызметкері Аманжол Ақышевті ақтық сапарға шығарып салуға әзірленіп жатыр.

Кеше, 11 қазан күні Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған полигонда оқ-дәрі қалдықтарын жою кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Аманжол Ақышев қаза тапқан еді. Аманжол Сабырұлы Ақышев 1986 жылы СҚО Мамлют ауданы Афонькино елді мекенінде туған. Ата-анасы осы ауылда тұрады. Артында әйелі мен екі баласы қалды. СҚО-ның Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты өңірге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев бастаған топ және Аманжол Ақышевпен бірге қызметтес болған әріптестері келе жатыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов өңірге жетті. Жерлеу рәсімімен байланысты барлық шығынды министрлік өз мойнына алды. Сондай-ақ ведомство марқұмның отбасына материалдық-әлеуметтік көмек беретіні мәлім болды. Әскери қызметшінің денесі бүгін Түркістан облысынан СҚО-ға жеткізіледі. Жер қойнына тапсыру рәсімі ертең өтеді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда