jasqazaq.kz

Арыста әскери сайыс жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

25 ақпан 2021, 21:57

Бас жүлдеге бола бас жаруға дейін барды. Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталды. Жеткіншектер әділқазылардың шешіміне қырық пышақ болған.

— Арыс қаласы әкімі Мұрат Қадырбектің арнайы дипломымен, 20 мың теңге сертификатпен, әй, әй!

Сайысты салтанатты түрде қортындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар бір-бірімен жаға жыртысып жатыр. Топ-топ оқушылардың төбелесінде кім-кімді тоқпақтап жатқаны да түсініксіз. «Қой» деп жатқан мұғалімдерді тыңдаған бала жоқ. Ашуға булыққандарды әупірімдеп жүріп сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасыпты. Абырой болғанда айтарлықтай жарақат алғандар жоқ. Соған қарамастан полицейлер тентек оқушыларды тергеп жатыр. Ал карантин талабын бұзғаны үшін аталмыш шара ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық жәйтіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән жайы анықталуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия