
Арыс халқына арналған қаражаттың 50 миллион теңгесін оралдық шенеуніктер қолды қылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, парақорлар қалтаға басқан ақшаға 46 үйді жөндеуге болады екен. Аса ірі көлемдегі қаражатты, Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары жымқырыпты. Осы уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:
Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары мердігер мекеме өкілдерімен сөз байласқан. Осылайша, 2019 жылдың тамызынан желтоқсан айлары аралығында 50 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.
astanatv.kz