jasqazaq.kz

Арыс тұрғыны көршісін алдап атына 3 несие рәсімдеген

09 қыркүйек 2019, 11:37

Арыс аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі келіп, банк кәртішкесіндегі қомақты сомасының жымқырылғандығы жайлы арызданады.

Аталған жайт Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеу бөлімінің тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер аталған іске күдіктіні құрықтау үшін қажетті деген шаралардың барлығын дерлік атқарды. Осылайша жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды. Тәртіп сақшылар күдіктіні тұрғылықты мекенжайында құрықтады. Анықталғандай, күдікті әйелдің төленбеген несиесі болғандықтан, банк кәртішкесіндегі ақшасын пайдалана алмаған. Сондықтан ақшаны табудың оңай жолын іздеп, арам ой туындап, оны іске асыру үшін көрші әйелді пайдаланған. Яғни жәбірленуші көрші әйелге барып, банк кәртішкесіне танысына айтып ақша салдырып, сосын шығарып аламын деп өтінген. Осылайша жалған сылтаумен жәбірленушінің құпия кодын, деректерін біліп алып, 3 банктен 300 мыңнан астам теңгеге онлайн-несие рәсімдеген. Сондай-ақ, жәбірленуші әйелдің шотына келіп тұрған жүктілік кезінде берілетін бір реттік жәрдемақысы, яғни 400-мыңнан астам ақшасын ұялы телефон арқылы басқарып, өз пайдасына жаратқан. Жалпы күдікті әйел өзінің көршісіне 700 мыңнан астам теңгеге шығын келтірген. Бүгінгі таңда Арыс аудандық полиция бөліміне күдіктіге қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел ешқайда кетпеу туралы және тиісті мінез-құлық туралы қолхат берді. Ал, полицейлердің айтуынша, аталған іске қатысты тергеу амалдары толық аяқталғаннан соң, іс сотқа жолданбақ. Өз кезегінде облыс полицейлері тұлғаларға артық сенім білдіріп құпия деректерді, төлқұжат нөмірлерін айтуға болмайтындығын ескертеді. Алаяқтардың құрбанына айналсаңыз немесе куәсі болсаңыз міндетті түрде полицияның жедел желісі 102-ге хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде полицейлердің қылмысты ізін суытпай ашуға көмегін тигізеді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде