jasqazaq.kz

Арыс тұрғынарын 135 автобус тасымалдауда (видео)

28 маусым 2019, 10:55

Арыстықтарды Шымкенттен 135 автобус тасымалдауда. Орталық мешітте халық санының көбеюіне байланысты тағы 18 қоғамдық көлік тартылып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, жарылыстан зардап шеккен халықтарды тасымалдауға 6 көлік компаниясы жұмылдырылған. «Көлік компанияларының басшылары халықты өздері тасымалдап береміз деп хабарласты. Сондай-ақ, қаладағы жанар-жағар май бекеттерінің қожайындары оларға тегін бензин, солярка құйып беріп отыр. Қажет болған жағдайда тағы автобустарды шақыртатын боламыз. Егер бүгін әр түрлі себептермен бара алмай қалғандар болса, ертең де, кейін де көлік ұйымдастырып береміз,- деді Қуатжан Жұматаев. Айта кетейік, қалада бас-аяғы 56 эвакуация пункттері ашылған болатын. «Қаладағы эвакуациялық пункттерде 30 мыңнан астам адам тіркелген. Біз олардың жағдайларына қараймыз. Біреулер емханаларда, ауруханаларда ем қабылдап жатуы мүмкін. Ол жерлерден шыққан соң олардың үйлеріне оралуына қолғабыс етеміз. Қазір әрбір бекеттерге жедел жәрдем қызметі де арнайы шақырылып, қажет болған азаматтарға алғашқы медициналық көмектер де көрсетілуде», — дейді Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Третий Республиканский Город🇰🇿 (@shymkent_city17)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда