jasqazaq.kz

Арыс-Шымкент бағытындағы көпірді су шайып кетті

14 мамыр 2020, 16:47

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы аумағында Арыс-Шымкент бағытындағы көпірді су шайып кетті. Бұл туралы Арыс қаласының әкімдігі ресми түрде хабарлап, жүргізушілерге бұл жолдың жабылғанын ескертті.

«Арыс қаласы мен көршілес Ордабасы ауданы Қараспан (Обручевка) ауылындағы Бадам өзенінің үстінен салынған уақытша көпірді су басты. Арыс-Шымкент бағытындағы жолдың үстіндегі көпірді су басуынан барлық көлік қозғалысы шектелді. Аталған себептерге байланысты Арыс-Шымкент бағытындағы көліктердің өту мүмкіндігі жоқ екендігін назарларыңызға жеткіземіз. Шымкент қаласына шұғыл түрде баратын арнайы рұқсаты бар көлік жүргізушілерінің назарына, Монтайтас-Бадам-Шымкент бағытымен жүру ұсынылады», делінген Арыс қаласы әкімінің хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше қатты нөсер жауыннан Қасқасу өзені арнасынан асып кеткен болатын. Салдарынан Төлеби ауданындағы 4 көпірді де су шайып, Жоғары Қасқасу ауылының ішкі жолдары жабылып қалған еді.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді