jasqazaq.kz

Арыс маңында 10 сапер зардап шекті

21 қыркүйек 2019, 19:40

Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. «21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылды. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 сапер — келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды», — делінген министрлік ақпаратында. Ведомство мәліметінше, барлық әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді