jasqazaq.kz

Арыс қаласындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты (Видео)

26 шiлде 2021, 23:44

Шымкент горнизонының әскери соты, Арыстағы әскери қоймада болған жарылысқа қатысты үкім шығарды. Айыпталушылар 16 адам, олардың арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары бар. Сотталушыларға «жарылыс қаупі бар нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «немқұрайлылық» баптары бойынша айып тағылды. 12 сотталушыға 4 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілді, қалған төртеуі 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге шартты түрде сотталды. Темір торға тоғытылғандардың бірі үкіммен келіспеді. Қалғандары пікір білдіруден бас тартқан. Ал жәбірленушілер өздеріне өтемақы төленбегенін айтып, наразылық білдірді. Бұған дейінгі жабық сот отырысында 1 мың 500 адам жәбірленуші деп танылған. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 24 маусымда әскери қойма жарылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған.

astanatv.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия