
Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», — делінген ресми ақпаратта.