
Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев айтты, — деп тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдіктегілердің мәліметінше, әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысатыны айтылады. «17 сектор 17 облыс әкімдігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті», — деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев.
Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек екен.