jasqazaq.kz

Аруға балағаным көрінгенге көз сүзгіш салдақы болып шықты

17 сәуiр 2019, 17:29

Түн ортасынан ауған кез. Екеуміз Темірбектің үйіне келдік. Күнсұлу туралы ойлауым мұң екен, жүрегім атқақтай соға жөнелді (тәнім үйде қалса да, қызығы сол елес-тәнімнің жүрегі де атқақтай соғатын сияқты).

Ауызғы бөлмеде еденге салынған төсекте бірнеше бала ұйықтап жатыр. Есберген мені ішкі бөлмеге бастады. Ондағы көрініс мен үшін көктен найзағай түскендей күтпеген жай болды. Едендегі көрпеше үстінде құшақтары айқасқан екеу жатыр. Қыздың жалаңаш сандары жарқырап көрініп тұр. Бетін еркектің омырауына тығып алған оның кім екенін алғашында біле алмасам да, бір сұмдықтың боларын сезгендей сабырсыз күйге түстім.

Бір кезде қимылсыз жатқан екеуге жан бітті. Шалқасынан жатқан қыздың жүзіне көзім түскен сәт жүрегім шымырлап, бойымды белгісіз бір сезім билеп алды.

Еркектің мойнынан қапсыра құшақтап, көзін ашып аспанға қадала қарап жатқан қыз Күнсұлу еді.

Өз көзіме өзім сенбегендей аңырая қарап мен тұрмын. Қалай екен дегендей Есберген маған айызы қана қарап жымың-жымың етеді. «Көрдің бе, ғашығыңның не істеп жатқанын» деді бір кезде шыдай алмай. Тілімді тістеп үнсіз тұрмын. Не деймін.

Қыз-келіншектердің арасында жан дүниесі таза, адалдары болады деп бетбақтырмаған басым, мынаған не уәж айтарымды білмей тілімді тістеп, іштей мүжіліп отырмын. Шаруасын бітірген еркек қыздың үстінен түсіп, жантайып жатты. Сол кезде ғана оның жүзін көрдім. Қырықтан асқан, бала-шағасы бар, математикадан сабақ беретін Айболат ағай екен.

Сол-ақ екен жүрегім сұмдық құлазып сала берді. Сол сәт алғашқы, бәлкім соңғы болар, ақ махаббатыммен мәңгіге қош айтыстым. Менің аруға балаған қызым бала-шағалы еркекпен ашына болып, нәпсінің құлына айналған ойнасқұмар болып шықты.

Есберген онсыз да жаралы жанымды онан әрі қажап «махаббат дегенге енді де сенесің бе?» дейді қылжақтап. Оған не жауап берерімді білмей үнсіз жүрегімді жегідей жеген өкінішті ойдың жетегіне еремін.

-Бұрын мен де сенің жағдайыңды басымнан кешкенмін. Аруға балағаным көрінгенге көз сүзгіш салдақы болып шықты. Сол үшін жас өмірімді құрбан еттім. Енді өкінгенмен не пайда? –деді бір кезде ол күйінішін жасыра алмай көкірек жара күрсініп.

Сол түнді мен ұйқысыз өткіздім. Таңертең сабақта сыптай киініп, сызылып жүрген Күнсұлудың жүзіне қарай алмай түндегі сұмдықты өзім жасағандай ыңғайсыз күйге түстім.

Үшінші сабақ математика болатын. Айболат ағай ештеңе болмағандай тақтада сабақ түсіндіріп тұр. Сол сәт шыдай алмай Күнсұлуға қараған едім, ол баяғыша сызылып, түк болмағандай төмен қарап отыр. Түріне қарасаң күнәсіз пәк нәзікжанды ару екендігіне қапысыз сенгендейсің. Сол сәт көз алдыма екі көзін аспанға қадап, құмарлықтан түрі бұзылып кеткен түндегі бейнесі келе қалды. Құлағыма ыңырсыған үні естілгендей.

Жүрегім сұмдық сыздап сала берді. Белгісіз сезім бойымды өртеп барады. Бәлкім бұл қызғаныш па, әлде жиіркеніш пе, білмеймін.

oqiga.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда