jasqazaq.kz

Аруды отырғызып алған полицейлер қызу талқыға түсті (видео)

26 қыркүйек 2018, 16:41


Елордалық полиция қызметкерлері ерекше челлендж бастады. Оған сәйкес полиция қызметкерлері кеудені жерден 10 рет көтеруі тиіс.

ҚазАқпарат  жазғандай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның әлеуметтік желіге жүктеген челлендж видеосында үстіне оқ өтпейтін кеудеше киген полиция қызметкерлері ЭКСПО-2017 кешені аумағында кеудені жерден көтеру жаттығуын жасады. Тіпті, бір полицейдің мұндай жаттығуды арқасына қыз отырғызып жасағанын байқауға болады. «Бастама мақсаты — дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Полиция үшін спорт — кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Қызметкерлердің дене дайындығы алға қойылған мақсаттарды тиімді орындауға және жұмысқа қабілетті сақтауға мүмкіндік береді», — дейді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковингі Рүстем Шәрібаев. Айта кетерлігі, Астана полиция қызметкерлері эстафетаны Алматы қалалық ІІД полиция қызметкерлеріне жолдады.

https://www.facebook.com/profilaktika.ddp/videos/2234345153273993/

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді