jasqazaq.kz

Әртістер жарнамалаған қаржы пирамидасын құрушылар ұсталды

27 қазан 2021, 10:07

Mudaraban Capital басшысы пирамидалық схема ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов жазды.

2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы қалалық полиция департаментіне бір топ азамат қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «Astex.kz» ЖШС және «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұжымдық арызбен жүгінді (ҚР ҚК 217-бабы).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқаны анықталды. Екіжақты құжат бойынша фирмалар ай сайын әрбір салымшыға салған жарна сомасының 20 пайызын төлеуі тиіс болатын, — дейді Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары.

Бұған дейін қылмысқа қатысты төрт күдікті әшкереленіп, оның үшеуі соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, «Astex.kz» ЖШС-ға 160 инвестордың 2 миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания — «Mudaraban Capital» ЖШС арқылы аударылғаны анықталды. Басқа компаниялар да құрылып, олар арқылы салымшылардан түскен ақша «Astex.kz» ЖШС және «ACD Technology» ЖШС-ға аударылды.

Сотқа дейінгі тергеуді қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде