jasqazaq.kz

«АрселорМиттал Теміртаудағы» жұмысшылар өлімінен кейін екі басшы ұсталды

21 маусым 2022, 10:46

«АрселорМиттал Теміртау» цехындағы төрт жұмысшының өліміне қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты екі басшы қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, ол да өндірістегі өлім дерегімен айналысады. Қылмыстық істі тергеу барысында кәсіпорын қызметкерлерінен, оның ішінде өндірістегі қауіпсіздікке жауапты тұлғалардан жауап алынды.

Қылмыстық Кодекстің 277-бабында («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен жиналған материалдарды ескере отырып, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты екі басшы ұсталды», — деді ПД өкілдері.

19 маусымда Теміртау қаласының тергеу соты осы тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Бап санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» цехында төрт жұмысшы қаза тапқан болатын. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр