jasqazaq.kz

АрселорМиттал Теміртаудағы апат бойынша комиссия қорытындысы шықты 

24 маусым 2022, 15:08

Мемлекеттік комиссия төрт жұмысшы қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы жазатайым оқиғаның себептерін атады. Оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сараптамалық ұйымдар апатқа себеп болуы мүмкін ақаулар мен зақымдануларды анықтады. Сондай-ақ, тапсырыс беруші «Құрылысмет» пен мердігер «АрселорМиттал Теміртау» құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені белгілі болды. Жобалау құжаттамасы бекітілмеген. Өндіріс жобасы мен пешті бөлшектеудің технологиялық картасы сараптамалық комиссиялардың қарауына ұсынылмаған. Арнайы тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің жүз пайыз кінәсін анықтады», — деді мемлекеттік комиссия төрағасы, Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ирина Любарская өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Тергеу комиссиясына жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтың, жұмыс берушінің өкілдері және сараптама ұйымдары кірді. Комиссия екі аптаға жуық уақыт ішінде оқиға орнын тексерді, техникалық және нормативтік құжаттарды зерттеді, қатысы бар адамдармен, куәгерлермен сұхбаттасты. Анықталғанындай, жұмысшылар жеткілікті дәрежеде білікті, яғни 5 және 6-разрядтары болған. Бірақ, олар үш күн қатарынан ауысымсыз демонтаж жасаған. Қайғылы оқиға жөндеу жұмысының аяқталуына 25% қалғанда, яғни соңғы күні болған. Тергеу барысында 32 адам сұрауға алынды. 14 күдікті анықталды, оның ішінде басшылық құрам да бар. Материалдардың көшірмелері аумақтық полиция органына жіберіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр