jasqazaq.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін

08 желтоқсан 2022, 12:35

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды.

Осы қайғалы оқиғаға қатысты Қайырбек Өскенбаев көз жұмған жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Шынында да «Арселор Миттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай қаза болған жұмысшының жақындарымен қатар, бүкіл қазақстардықтарға да ауыр тиюде. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр», — деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол комиссиялар жұмысының қорытындысы жақында жарияланатынын айтты.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе қаралатын болады», — деді ведомство басшысы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр