jasqazaq.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды

07 желтоқсан 2022, 16:03

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған», — деп мәлім етті Зұлфұхар Жолдасов.

Оның айтуынша, аталған кемшіліктер негізінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге айыппұл салынған. Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген. Зұлфұхар Жолдасов қазір істің сотта қаралып жатқанын атап өтті.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді