
АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Соңғы ақпарат бойынша АрселорМиттал Теміртау кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Тағы бір адамның денесі табылды» делінген хабарламада.
Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады.