jasqazaq.kz

АрселорМиттал Теміртау кәсіпорнында тағы бір жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

16 маусым 2022, 14:02

Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жылу электр орталығында монтаждаушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 16 маусым күні ЖЭО-2 №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде күтпеген жағдай болды. 1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды», — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр.

«AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. ЖЭО-2 — «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ірі өндіруші кәсіпорны саналады. Станция өндірген электр энергиясы компания кәсіпорындарының электр жүктемелерін жабуға жұмсалады. Артық электр энергиясы Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында сатылады. Теміртау энергия торабындағы үш электр станциясының бірі.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр