jasqazaq.kz

«АрселорМиттал Теміртау» басшысы өрттен 5 адам зардап шеккенін айтты

12 қараша 2018, 14:58

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері комбинатта болған өрттің салдарын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компаниядағылардың айтуынша, газ құбырындағы апаттың салдарынан бес адам зардап шеккен.

Кәсіпорынның атқарушы директоры Вадим Басиннің мәліметінше, олардың екеуі жеңіл жарақат алған, үшеуі емделіп жатыр. «Екі адамның басы жарақаттанды, біреуінің оң қолының шынашағы сынған. Шамамен кешкі сағат жеті болатын және олардың барлығы жұмыстан қайтып бара жатқан», — деді Басин. Оның айтуынша, сол күні кәсіпорында жарылыс болмаған, қуаты жоғары гидродинамикалық соққы болған. «Салдарынан сол жерде жатқан газ құбырлары бүлінді, олар эстакадада орналасқан. Олардың көбі оттек құбыры, азот құбыры, су құбыры, сұйылтылған газ құбыры және сығылған ауа газ құбыры. Өрт сұйылтылған газдың газ құбырының үзілген жерінен шықты. Тиек жабылып, шаралар қолға алынғаннан кейін өрт ауыздықталды. Қазір комбинат жұмыс параметрі төмендетілген режимге көшірілді. Комбинаттың электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қаланы жылытып, жарықты беріп отырмыз», — деді Басин. Оның айтуынша, регламентке сәйкес барлық газ құбыры ішкі сараптамадан өткен. «Ол жерде газ құбыры көп. Бес жыл бұрын пайдалануға берілген жаңалары бар. 10-15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандары да бар. Қайсысынан болғанын әзірше айта алмаймын. Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, оны өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы басқарады. Егер комиссияға қосымша уақыт қажет болмаса, тексерудің нәтижесі он күннен кейін белгілі болады», — деді ол. Әзірше бұл оқиғаның кеншілердің 13-ші жалақысына қалай әсер ететіні белгісіз. Басиннің айтуынша, егер ұжымдық келісімшартта жазылған бизнес-жоспардың 90 пайызы орындалса, жыл соңында жұмысшыларға сыйақы беріледі. «Бұл 3 миллион 915 мың тонна. Алда әлі уақыт бар, көреміз. Бизнес жоспар өзгертілмейді», — деді ол.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді