jasqazaq.kz

«АрселорМиталл Теміртау» ереуілге шыққан кеншілерді сотқа берді

14 желтоқсан 2017, 14:04

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысының төрт сотына кеншілер ереуілін заңсыз деп тану туралы шағым берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Шахтинск, Абай және Саран қалалық соттары мен Октябрь аудандық сотына жұмысшылар әрекеті туралы шағым білдірді. Онда «Тентек», «Шахтинская», «Ленин», «Кузембаев», «Костенко», «Абай» және «Саранская» көмір шахтасы кеншілерінің ереуілін басқарып отырған мекеме жауапқа тартылсын делінген.

Сондай-ақ олар «Қорғау» көміршілер кәсіподағы, «Жақтау» металлургтер кәсіподағы мен «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ның жауапкершілікке тартылса дейді.

Барлық талап-арыздар қабылданды», — дейді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсаннан бастап «АрселорМиталл Теміртау» кеншілері кезекті ауысымнан кейін шахтадан шығуға бас тартқан еді.

Шахтерлер компания басшлығынан еңбекақы көлемін арттырып, еңбек шарттарын өзгертуді талап етіп отыр.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды