jasqazaq.kz

«Арселор Миттал Теміртау» комбинатында апат болды

05 қыркүйек 2019, 12:12

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ конвертерлік цехында жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен Теміртау қаласы орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

4 қыркүйекте №3 конвертерінде жұмыс жүріп жатқан кезде тарсылдаған дыбыс шығып, кейін бу мен ыстық ауа атылған. Салдарынан №3 конвертерінің 4 жұмысшысы зардап шекті. «Барлық жапа шеккендер Теміртау қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. 1970, 1972, 1988 жылғы үш азаматты күйік шалды, тағы бірі жараланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін күйік шалған 1988 жылғы азаматты және жараланған 1991 жылғы азаматты амбулаторлық емдеуге жіберді. II,III А деңгейде күйік шалған ер адамдар Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», — деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. «Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мемлекеттік органдарға жағдай туралы хабар берілді. Қазір қайғылы оқиға тергеліп жатыр», — деп түсіндірді «Арселор Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде