«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты өндіріс орнында пештің төбесі құлап, 5 адамды басып қалды. Олардың арасынан біреуі ғана тірі табылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Өндірісте істен шыққан термикалық пешті бұзу жұмысы жүргізілген екен. Зәулім пештің кірпіштерін аршу кезінде оның төбесі опырылып түскен. Үйіндінің астында компанияның өндіріс орындарында жөндеу және құрылыс жұмысын жүргізетін фирманың бес жұмысшысы қалған. Оның төртеуі сол жерде тіл тартпай кетіпті. Аман қалған 28 жастағы азамат аурханаға жеткізілген. Оның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Бас сүйегі сынған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұдан өзге ақпарат әзірге айтылмады.