jasqazaq.kz

Арнайы операция: шетелдіктер қызмет көрсеткен притон анықталды (видео)

22 шiлде 2020, 13:26

Шетелдік жезөкшелер қызмет көрсеткен притонның жұмысы әшкере болды. Монғолияның екі азаматшасы әкімші қызметін атқарған. Олардың қарамағында он жеңіл жүрісті қыз интимді қызмет көрсетіп келген.

Берік Әбілбеков, Алматы қаласы ДП басшысының орынбасары:

Олардың жарнамасы «Боди массаж» ретінде көрсетілген. Сыртынан қарағанда бұл қарапайым үш қабатты тұрғын үйге ұқсайды, белгісі жоқ. Ішінде жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Карантин күшейтілгенде олар өте мұқият болды: тек сенімді клиенттерін қабылдаған. Кеше түнде арнайы операция жүргізілді. Жұмыс қызу жүріп жатты. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумалары, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталмыш мекеме қызметкерлері сол жерде тұрып келген.

 

Интимдік сипаттағы массаж жасауға үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы “Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша массаж салонының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

https://youtu.be/VVfXjYvGYOw

polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия