
Армяндар Баку, Ереван мен Мәскеу арасындағы үшжақты келісімнен кейін Әзірбайжан қарамағына өтуі тиіс мекендерден жаппай кетуде. Адамдар өз мүлкін шығарып жатса, кейбірі тіпті үйлерін өртеп жатыр.
Басылымның жазуынша, Карабақтың солтүстік жолы көліктерге лық толы. Карвачар тұрғындары туған жерлерін тастап, бар мүлкі мен жануарларын алып кетіп жатыр. Кейбір адамдар дүкендер мен коммерциялық ғимараттардан керек-жарағын алып кетіп жатса, енді бірі өз үйлерін өртеп кетуде. Олар баспанасы әзербайжандықтарға тиесілі болмас үшін осындай қадамға барған. Әзірбайжан, Армения мен Ресей 9 қарашада қол қойған құжатқа сәйкес, Карвачар ауданы 15 қарашаға дейін берілетін болады. Басылымының мәліметінше, жергілікті Дадиване монастырі армяндардың қарамағында қалуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 10 қараша күні Әзірбайжан, Армения және Ресейдің Қарабақ туралы келісімі жарияланғаны белгілі болды. Таулы Қарабақ үшін күрес Әзірбайжан мен Армения арасында 27 қыркүйектен бастап, яғни 1 ай 14 күнге жалғасты. Күні кеше Армения, Әзірбайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғанын жариялады.
Same house, drone footage. pic.twitter.com/esG6ZQ74Ch
— 301🇦🇲 (@301_AD) November 13, 2020
https://www.youtube.com/watch?v=khvbk5gexfY&feature=emb_logo