jasqazaq.kz

Арменияның премьер-министрі отставкаға кетті

25 сәуiр 2021, 20:28

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл туралы ол жексенбі күні халыққа үндеуінде мәлімдеді.

Армения министрлер кабинеті басшысының отставкасы техникалық сипатқа ие және ағымдағы жылдың 20 маусымында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жексенбі, 25 сәуір күні Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ұлтқа үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол отставкаға биылғы жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін кетіп жатқанын мәлімдеген. «Конституциялық ережелер мен Парламенттің таратылуын іске асыру үшін мен бүгін отставкаға кетемін», — деді Никол Пашинян. Сондай-ақ ол сайлау өткізілгенге дейін премьер-министрдің міндеттерін толық көлемде атқаратуды жалғастыратынын айтты. Еске сала кетсек, Арменияда Таулы Қарабақта әскери қимылдарды тоқтату туралы үшжақты өтінішке қол қойылған соң күрделі ішкі саяси жағдай орын алған. Оппозиция көшеге шығып, премьер-министрден өз қызметін босатуды талап етті. Ел президентімен өткізілген кеңестерден кейін парламенттік фракциялар 2021 жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге келісті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия