jasqazaq.kz

Арменияда алғаш рет қазақша күрестен ел чемпионаты өтті

06 мамыр 2019, 15:17

Арменияда алғаш рет қазақша күрестен ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Дүбірлі додаға елдің әр аймағынан жиналған апайтөс палуандар қатысты. Олар бас жүлдені сарапқа салып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.

Қазақтың ұлттық спорт түрі Арменияда кең етек жайған. Тау халқы үшін бұл белдесу таңсық емес. Осыдан бір жыл бұрын қазақ күресі федерациясы құрылған. Қазір оған 200 адам мүше.

Давит Хитарян, Qazaq kuresi федерациясының президенті:

– Федерация құрылғалы халықаралық жарыстарға қатысып жүрміз. Арамызда жүлдегерлер де бар. Бүгінгі сайыста 95 балуан бақ сынайды. Бұл – жақсы көрсеткіш.

Жарыс басталмас бұрын Армения спортшылары Бейбіт Ыстыбаев пен Ұлан Рысқұлдан арнайы дәріс алған. Қазақтың қос барысы оларға бұл спорт түрінің қыр-сырын толық меңгеруге септесіпті.

Азамат Тілеулесов, Qazaq kuresi халықаралық федерациясының бас хатшысы:

– Қазақша күрестен жыл сайын жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Жуырда балаларға арналған спорт секцияларын ашамыз. Армян халқының бұл спорт түріне үйір болуы бізді қуантып отыр.

Сайыс тартысқа толы болды. Балуандар шетінен мықты. Дегенмен бас жүлде Григор Саакянға бұйырды.

Григор Саакян, қазақша күрестен Армения чемпионы:

– Бұл спорт түрі самбо мен дзюдоға ұқсас келеді. Осыған дейін дзюдомен айналысқанмын. Сондықтан қазақша күреспен шұғылданып көргім келді.

Алғашқы бестікке енген армян балуандары алдағы жазда қазақша күрестен Польшада өтетін кезекті Еуропа чемпионатына жолдама алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде