jasqazaq.kz

Арменияда 8 адам коронавирус жұқтырған

13 наурыз 2020, 20:27

13 наурыз күні Арменияда коронавирус жұқтыруға қатысты тағы екі оқиға тіркелген. Осылайша, 8 адамға инфекция жұққан расталды. Үкіметтің шешімі бойынша, 23 наурызға дейін барлық білім мекемелері жабылады. Үкімет елде коронавирусқа қарсы шараларды күшейтті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

13 наурызда Арменияның Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян коронавирусқа шалдығудың екі жаңа оқиғасы туралы мәлімдеді. Вирус бұған дейін Италиядан келген Эчмиадзин қаласында тұратын әйелмен байланыста болған адамдардан табылды.

«Италиядан келген әйелмен бұған дейін байланыста болған қала тұрғындарын оқшаулау кезінде сынама тағы екі адамның коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Осылайша, ауру жұқтырған адамдардың саны 8-ге жеткен», — деп мәлімдеді Арменияның Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, біршама уақыт бұрын Италиядан келген Эчмиадзин қаласының тұрғыны оқшаулану туралы кеңеске құлақ аспай үйлену тойына барған.

Армения үкіметі елде вирустың таралуына байланысты 13 наурыз күні кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша, премьер-министр Никол Пашинян Facebook-тағы парақшасында 23 наурызға дейіг елде барлық білім мекемелері жабылатынын мәлім етті.

Соңғы мәліметтер бойынша, Арменияда коронавирусқа шалдығудың 8 оқиғасы тіркелген. Бірінші оқиға 1 наурызда бұған дейін Ираннан келген Арменияның 29 жастағы азаматынан анықталды. 11 наурызда Арменияның 45 және 27 жастағы екі азаматы және Италияның бір азаматынан (51 жаста) вирус табылды. Олардың үшеуі де Арменияға Италиядан келген. 12 және 13 наурызда тағы екі оқиға тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде