jasqazaq.kz

Армения — уақыт сынынан өткен жақын серіктес

15 қазан 2024, 14:20

Астанаға бүгін Армения Президенті Ваагн Хачатурян ресми сапармен келді.

Мемлекет басшылары жүргізген келіссөзде

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президентіне ілтипат көрсетіп, еліміздің қазақ-армян ынтымақтастығын мүлдем жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтты.

«Бүгінгі уағдаластықтар өзара байланыстың нығая түсуіне ықпал етеді деп сенемін. Біз қазақ-армян серіктестігінің негізі саналатын жоғары деңгейдегі кездесулерімізге ерекше мән береміз. Қазақстан Армениямен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Қазақ елінің армян халқына ықыласы ерекше. Армения – еліміздің сенімді әрі уақыт сынынан өткен жақын серіктесі. Біздің халықтарды берік достық, ортақ тарих және ұқсас мәдени-гуманитарлық құндылықтар байланыстырады. Екі жақты қатынастар барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғаны аталып өтетінін, осы уақыт аралығында ауқымды институционалдық база қалыптасқанын айтты.

«Сауда-экономикалық ықпалдастықтан бөлек, қос халық арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар соны серпінмен дамып келеді. Былтыр Ереванда Армениядағы Қазақ театрының күндері өтті. Келесі жылы Сіздің еліңізде Қазақстан мәдениетінің онкүндігін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бүгін Өзіңізбен бірге Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысамыз», – деді Президент.

Өз кезегінде Ваагн Хачатурян Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін жеткізді

«Қасиетті қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Қазақстанның даму және өркендеу қарқынына тәнті болдым. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ұзақ жылдарға жалғасады деп сенемін. Өйткені оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Қазақстан – біздің сенімді әрі достас серіктесіміз. Бұдан бөлек, екі ел арасындағы экономикалық байланыс табысты дамып келе жатқанын атап өткім келеді», – деді Армения Президенті.

Келіссөзде тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Алматы алаңын алдағы уақытта да ұсынуға дайын екенін растады.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу