jasqazaq.kz

Армения билігі қазақстандықтарға ескерту жасады (видео)

17 ақпан 2020, 10:39

Армения мемлекеттік кіріс комитеті бұл елде көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған Қазақстан азаматтарына салық төлеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген болатын. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді.

Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.

Шушан Нерсисян, Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары:

— Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия