jasqazaq.kz

Арман Сқабылұлы: «Осыдан кейін «төрештер» құтырмай қайтсін!»

09 қазан 2018, 11:33

Белгілі журналист Арман Сқабылұлы күні кеше ғана Алматы-Гонконг рейсіне билетсіз мініп, шу шығарған Төреғали Төреәліге қатысты ойын жазды. Айтуынша, әншілердің осынша даңдайсуына өзіміз кінәліміз. Сондықтан, бұндай өнерпаздарды қазірден орнына қоймасақ, олар кейін бұдан да сорақы бұзақылыққа барады.

«Төрештерді» төбемізге шығарып, «төре» жасаған өзіміз. Уыс-уыс ақша беріп тойға шақырамыз. Онымен қоймай ұшақтың бизнес класына билет алып береміз. Бес жұлдызды қонақ үй дайындайтынымыз тағы бар. Осыдан кейін «төрештер» құтырмай қайтсін!

Былтыр осындай бір жұлдыз інімізді Шымкентте ұшақтың қалың жолаушысы жарты сағат күтіп тұрғанына өзім куә болғанмын. Әлдебір дөкейдің тойынан кешігіп келген әлгі әншіге жиналған жұрт ренжудің орнына суретке түсіп, селфилетіп жатты. Түк болмағандай…

Кеше Төреғали Төреәлі ұшаққа билетсіз кіріп, бала-шағасын шығарып салған екен! Ұшақтың іші қайта тексеріліп, жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кеден, шекара, ұшақ қызметтерінің барлығынан тексерусіз өтіп кетіп, мемлекеттік шекараны бұзған бұл бауырымның басбұзарлығына өз басым онша таң қала қойған жоқпын. Оны да бір «табынушысы» өткізген шығар? «Төрештер» енді өздеріне бәрі болады деп ойлайды. Олар жұлдыз! Олар көкте жүр! Жерге түсірген дұрыс шығар? Әйтпесе, тағы талай нәрсені бүлдіреді олар…», — деп жазды Сқабылұлы өзінің Faceook әлеуметтік желісіне.

sn.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді